"Оқушылардың ынтасын қалай арттыруға болады"
№15 мектепте "Оқушылардың ынтасын қалай арттыруға болады" тақырыбында мектепішілік курстар өтті. Сабақтың мақсаты - мұғалімдердің оқушыларды оқытудағы маңыздылығын түсіну, өткізілу түрі - коучингті тәсілдегі тренинг. Тренингте мұғалімдер мәселені шешудегі қиындықтарды жеңу үшін мүмкіндіктер жасады, тренинг нәтижесі - жадынама-ұсыным болды. Тренингті сертификатталған мұғалім Ш.Т.Қапсалықова өткізді.