Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Жас білімпаздар"
05-02-2019 15:39

№15 ЖОБМ-де математика, информатика мен физиканың дәстүрлі апталығы өткізіліп, сыныптан тыс шаралар ұйымдастырылды. Физика мұғалімі Б.К.Асенова мен математика мұғалімі С.А.Қазбекова 7-сыныптар оқушылары арасында "Жас білімпаздар" викторинасын өткізді. Аталмыш шараның мақсаты математика мен физика бойынша білімді тереңдету, оқушылардың танымдылығын және шығармашылығын, зейінін, тапқырлығын, қарым-қатынас жасау мәдениетін топта жұмыс істеу арқылы дамыту болды. Екі команда жарысқа түсті, олар: "Математиктер" мен "Физиктер". Ойын барысында "Жас білімпаздар" атағына лайықты команда анықталды, ол "Математиктер" болды. Қалған қатысушылардың барлығы ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Көрермендермен ойындарда тәтті сыйлықтарға ие болған жанкүйерлер де шет қалған жоқ.