"Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алу"
2019 жылдың 11 ақпаны күні Павлодар қаласында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 9-10-сыныптар оқушыларының Павлодар қаласының прокуратура бөлімі прокуроры Н.Р.Сұлтановпен кездесуі өткізілді. Лекция тақырыбы: "Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алу" болды. Әңгіме барысында оқушылар өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарға жауаптар алды.