Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы"
13-02-2019 12:13

Мектебімізде ақпанның 01-нен 12-сі аралығында "Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" атты өзін-өзі тану онкүндігі өтуде, жыл сайын  "Самал" мүгедектерді оңалту орталығының қоғамдық бірлестігіне бару дәстүрге айналған. Ақпанның 13-де орталық тәрбиеленушілерімен кездесу өткізілді. 6 "А" сыныптың оқушылары №28 мектептің оқушыларымен бірігіп шағын концерт дайындады. Сондай-ақ, балалар бүгінгі күннің босқа өтпегенін атап өтті, олар шынымен де жақсы және қажетті іс жасады. Аталмыш шара  мектебімізде жаңа дәстүрді  құруға  және орталықтағы балаларға әрдайым барып тұруға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Бүгінде әр сыныптардан ерікті волонтерлер шығып жатыр. Мұқтаж жандарға күлімсіреп, қуаныш сыйлауға көмектесу тіпті қиын емес қой. Бұдан өміріміз кішкене болса да мейірімдірек бола түсіп, көптеген балалар мен ересектерге демеу болады, бұл тек қана бізге байлаысты.  Концерттен кейін тәрбиеленуші балаларға тәтті жүлделер мен қолдан жасалған ашық хаттар табыс етілді. Барлығы да осы кездесуге қуанышты болды.                              

Ор. А.З.Абжекеева