Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Басқа халықтар не үшін қазақстандықтарға алғыс айта алады?"
01-03-2019 17:27
"Экология мен туризмнің балалар-жасөспірімдер орталығы" МҚКМ-де Алғыс айту күніне арналған шара өткізілді. 5 "В" сыныптың "Бұлақ" өлкетану үйірмесіне қатысатын оқушылары  Крылова Виктория,Садыковова Милена,Тлектес Макпал Аленова Сания, Бердіхан Диана  қосымша білім беру педагогы А.К.Ермекбаеваның жетекшілігімен аталмыш шараға қатысты. Командалар "Басқа халықтар не үшін қазақстандықтарға алғыс айта алады?", "Сәйкестікті анықта" (слайдтардағы фотосуреттер бойынша қазақтардың салт-дәстүрін анықтау), "Алғыс айту күніне байланысты сөздерді жаз" атты конкурстарда жарысты. Командалар капитандары тапсырмаларын қорғап шықты. Олар кезекпен бірін-бірі қайталамайтын сөздер айтты. Біздің команда капитаны Крылова Виктория сөздерді нақты және дұрыс атады. Соңында оқушылар стикерлерде өз тілектерін білдірді, шара қызықты өтті. Конкурс балалардың есінде көпке дейін қалады, өйткені олар зор эмоционалды әсер алды.