Біздің мектепте 7-9-сынып оқушыларына арналған "Кітаптың жарыққа шығу тарихы" тақырыбында кітапханалық сабақ өткізілді. Шараның мақсаты: кітапқа деген, кітап оқуға деген сүйіспеншілікті дағдыландыру, кітапты шығарушылар еңбегіне құрметті тәрбиелеу, оқушылар білгірлігінің дамуына көмек көрсету.Кітапханашы Т.В.Волчок алғашқы кітаптың пайда болуы туралы қызықты фактілер келтірді. Әңгіме "Ежелгі кітаптар", "Алғашқы басу станогы" слайдтарымен жалғасты. Оқушылармен викторина өткізіліп, онда балалар өз білімдерін көрсете алды. Кітапханалық сабақ аяқталған соң ДТЖО Б.К.Қапбасова "Сүйікті кітаптың фотосуреті" конкурсының қорытындыларын шығарды. Фото-конкурста оқушылар өз үйлерінденгі кітапхананы, қандай кітаптар қызықтыратынын, қандай әдебиетті оқитындарын көрсетті. Қорытындылар бойынша 7 "Б" мен 8 "Б" сыныптардың оқушылары конкурсқа белсенді қатысқандары үшін грамоталармен марапатталды.
"Кітаптың жарыққа шығу тарихы"