2019 жылғы 15 мамырда мектебімізде "Отбасы тәрбиесі - азаматтылық пен өскелең ұрпақты қалыптастыру негізі" тақырыбы бойынша жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар жиналысының мақсаты: ата-аналарды отбасы мәселелерін талқылауға тарту, олардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігі мен рөлін арттыру болды. Жиналыс құттықтау концертпен басталды, онда мектеп ұжымы мен оқушылар ата-аналарды Халықаралық отбасы күнімен құттықтады. Мектеп директоры Н.Ж.Шакенова мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысып жүрген ата-аналарды алғыс хаттармен атап өтті. Ата-аналар жиналысы барысында келесі мәселелер қаралды: "Рухани жаңғыру" бағдарламасы рөлінің өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі, ата-аналар мен мектептің өзара қатынасын күшейтудегі отбасы құндылықтары, оқушылардың қорытынды аттестациясы, оқу жылының қорытындысын шығару. Баяндама жасаушылардың сөздері бейне материалдармен сүйемелденді.