Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Төменгі сынып оқушыларының фонематикалық естуін дамыту»
21-11-2019 14:30
«Төменгі сынып оқушыларының фонематикалық естуін дамыту»

Жазуға үйретуде көптеген проблемалар фонематикалық естудің болмауына  байланысты болады. Фонематикалық естуді дамыту үшін  белгілі бір талаптар қойылатын арнайы жұмыс жүргізу қажет, бұл кезде фонематикалық анализ үшін тек қана естілетін сөздер берілуі тиіс. Мысалы, суретті көрсетеміз, бала сөзді атайды, содан соң дыбысқа талдау жасайды. Фонематикалық жұмыс сөздерді дұрыс жазумен, орфографиямен тығыз байланысты. Қазірге дейін мектептегі мәселе сауаттылықтың жетіспеушілігі болып отыр, оған себеп көп: бұл орыс фонетикасы мен орфографиясының қиындығы және оқығысы келетін балалардың азайып бара жатқанында. 

 Оқушы бірінші сыныптан бастап дауысты және дауыссыз дыбыстарды айыра білуі тиіс. Бірінші есту арқылы - дыбыстармен, содан соң, көру арқылы - әріптермен, схемаларды қолдана отырып үйренуі тиіс. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс жазуды бекіту үшін әртүрлі жұмыстар қолданылады: фонетикалық талдау, орфографиялық диктант, карточкалармен жұмыс, тақырыптық ойындар және т.б.

Дидактикалық ойындар оқытудағы аса продуктивті құралдардың бірі ретінде қолдану, біріншіден, балаларды мәжбүрлемей үйретуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ойын фонематикалық қабылдауды қалыптастыру мен дамытуға, баланың оқуын ұйымдастыруға, оған фонетика бойынша жаңа мәліметтер беруге, ойлауын, зейінін белсендендіріп, сөйлеуін дамытуға көмектеседі.

 Оқушылардың фонетикалық дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмыс фонетикалық дағдыларды қалыптастыру тәсілдерін дұрыс таңдаған кезде табысты бола түседі; балалардың жас ерекшеліктері ескеріледі; фонетикалық дағдыларды қалыптастыру алгоритмі сақталады. Алынған білімдерді оқушылар сауат ашу сабақтарында және оқу мен сыныптан тыс оқуда қолданады.

 

 

Мұғалім-логопед: М.Д.Кожанова