"Қазақстан тарих ағысында"
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін мерекелеу шеңберінде №15 ЖОБМ кітапханасында "Қазақстан тарих ағысында" атты көрме безендірілді. Сондай-ақ, "Бір ел - бір тағдыр" атты кітапханалық сабақ өткізілді. Шараның мақсаты мен міндеті: оқушылардың қазақстандық патриотизмін қалыптастыру, Қазақстанда тұрып жатқан халықтардың тарихи өткені мен мұрасына деген толеранттылық және құрмет пен сүйіспеншілікті тәрбиелеу болды.