Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Кітап емханасы" операциясы
31-01-2020 16:20

30  қаңтар күні мектеп кітапханасында "Кітап емханасы" атты операция өткізілді. Мақсаты кітаптың адам өміріндегі рөлі туралы айтып, балаларды кітапқа жақсы қарап (жыртпай, кітап бетіне сурет салмай, қажет болса өздері немесе ересектердің көмегімен жыртылған жерлерін желімдеу), балаларды кітап  оқуға тарту болды. 

 Балалармен  кітаптың адам өмірінегі рөлі туралы әңгімелесу өткізілді. Одан әрі "науқас кітаптар" туралы оқиға айтылды, онда кітаптар жылап, балалардың кітаптарды қалай болса солай ұстайтындықтарына шағым жасалып, "кітаптардан келген хат" оқылды, онда олар өздерін емдеп, дұрыстауды сұраған. Балалар кітаптарға жақсы қарау ережелерін естеріне түсіріп, сонымен бірге, "Кітап емханасында" оларды емдеуге кірісті, кітаптың тысын желімдеп, беттерін скотчпен жапсырды, сөйтіп олар 11 кітапты жөндеп шықты. 

  «Эколем» мектеп орталығы

  №15 ЖОБМ.