Сыртқы факторлардың әсерінен адам ағзасындағы зақымданулар, біз бір сөзбен – жарақат деп атаймыз.
Балалардың жарақаттануы - бұл ата-ананың да, баланың да өмірін түбірімен өзгерте алатын үлкен проблема.
Статистика бойынша жарақат негізінен кіші мектеп жасындағы (7-11 жас) балаларда болады. Ұлдардың жарақаттары қыздарға қарағанда әлдеқайда жиі (70%) болады.
Жарақаттар үш жастан асқан балалар өлімінің басты себептерінің бірі болып табылады. Әлемде әр түрлі инфекцияға қарағанда жазатайым оқиғалардан көп бала өледі.
Балалар жарақаттануының негізгі себептері көп емес:
Негізгісі- нақты жағдайларда қорқынышты ештеңе орын алуы мүмкін емес деп ойлайтын ересектердің бейқамдығы.
Екіншісі-лауазымды тұлғалар немесе балалардың ата-аналары болсын өз міндеттерін тиісінше орындамайтын ересектердің салғырттығы.
Сонымен қатар, балалардың жарақаттану деңгейіне балалардың тәртіптілігі де үлкен әсер етеді.