"Алғаш рет бірінші сыныпқа" атты қайырымдылық акциясы
![](/media/img/blogs/5f5fa854f2587.jpg)
1 қыркүйек күні №15 мектептің табалдырығын алғаш рет 56 бірінші сыныптық аттады. Республикалық "Мектепке жол" акциясы шеңберінде "Алғаш рет бірінші сыныпқа" атты қайырымдылық акциясы өткізілді.«A.R.S.-Ойл»ЖШС директоры, Нұр Отан партиясы мүшесі А.А.Асқарова бірінші сыныптықтарға кеңсе тауарларын дайыдады. Барлық балалар мен ата-аналар Алия Асқарқызына алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, мектеп әкімшілігі аталмыш акцияны ұйымдастыруға көмек көрсеткен Қамқоршылық кеңесінің мүшесі К.С.Жамиеваға да алғысын білдіреді.