Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Бауыржан Момышұлы: адалдық пен ерлік – батыр белгісі» тақырыбында кезекті онлайн сабағы өткізілд
13-10-2020 16:28
«Бауыржан Момышұлы: адалдық пен ерлік – батыр белгісі» тақырыбында кезекті онлайн сабағы өткізілд

Бүгін жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша агенттігінің бастамасымен «Бауыржан Момышұлы: адалдық пен ерлік – батыр белгісі» тақырыбында кезекті онлайн сабағы өткізілді. Биылғы жылы аты аңызға айналған командир, көптеген марапаттар иесі, жазушы және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл. Батылдық, адалдық және табандылық – бұл қасиеттер Бауыржан Момышұлын  халық батыры етті. Патриотизмнің биік рухы, шешім қабылдау кезіндегі табандылығы, тәртіптілігі, даналығы мен әдептілігі де оның тұлғасына тән қасиет.Онлайн-лекция барысында жастар полк командирінің батырлық әрекеттері мен өмірлік қағидаларын қайта естеріне алды. Оның пікірінше, сенім – бұл адамдық пен адалдыққа апаратын күш. Сенім – үміттің тамыры. Ол жастарға; «Сен – ата-анаңның үмітісің. Сен – жеке тұлғасың, сен – өз өміріңді құрушысың, сондықтан тек өзіңе ғана сен!» деген. Сонымен бірге, ол өзіне сенімді, тәрбиелі адам ешқашан дөрекілік жасамайды және дұрыс жоддан таймайды деп атап өткен. Оның халыққа деген адалдығы мен туған тіліне деген сүйіспеншілігі жеке құрметке ие. «Туған тілі жоқ ұлт болмайды. Өз тілін жоғалтқан ұлт – бұл өз тарихын, өз тамырын жоғалтқан ұлт» - деді ол. Бауыржан Момышұлының мұрасы батылдыққа, тәртіп пен патриотизмге толы, оның өмірі адалдық  қағидаларынан, әділдік пен даналықтан құрылған. «Парасаттылық сағатын» ұйымдастырушылар осы құндылықтарды жастарға дарыта отырып, жемқорлық орын алмайтын, жоғары адами қасиеттер мен адал еңбек бағаланатын ізгілікті қоғам құруға болатынына сенімді. Ақпарат министрлігі мен қоғамдық дамыту қолдауымен  өткізілген  бейне-сабақ республикалық және аймақтық телеканалдарда көрсетілді, сондай-ақ,  агенттіктің Youtube каналына және әлеуметтік желілерге орналастырылды.

Бейне сабақтың сілтемесі:https://www.youtube.com/watch?v=oZQ0XSvz-WY&list=PLvN9UMfEpeulpwT1xaHAoDnV-WA18i0qg