Телефон доверия
53-57-39
email: sosh16@goo.edu.kz
Адрес: Айманов к., 51
53-23-04 53-75-41
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі с 16:00 до 18:00 Жұма с 16:00 до 18:00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Педагогикалық шеберлік
18-09-2023 09:02
Педагогикалық шеберлік

18 қыркүйек күні Инновациялық қызмет жоспарын іске асыру шеңберінде педагог-шеберлер: бастауыш сынып мұғалімі Ж. Ж. Жаксылыкова, математика мұғалімі И.А. Демиденко, музыка мұғалімі Н.Я. Бурлакова "Lesson Study" тәсілі ретінде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және зерттеу дағдыларын дамытуға ықпал ететін тренингтік тәсілімен коучинг өткізді.

Сондай-ақ, Жас мұғалім мектебінің жұмыс жоспарын іске асыру аясында педагог-шебері, география пәнінің мұғалімі  А.Х. Жапаргазинова жас мамандар үшін «Өзін-өзі тәрбиелеу мұғалімнің кәсіби қызметін жетілдірудің жетекші факторы ретінде» тренингін өткізді. Тренинг барысында жас мамандар оқу-тәрбие процесін іске асыру кезінде қажетті нормативтік құжаттамамен танысты, сондай-ақ оларға оқу қызметін ұйымдастырудың инновациялық нысандары мен әдістері ұсынылды.

Сонымен бірге, инновациялық қызмет жоспарын іске асыру шеңберінде педагог-шеберлердің: математика мұғалімі И.В. Довгаленко, биология мұғалімі Е. Л. Чайковская, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Г. Е. Казкенова "Action Research" тәсілі ретінде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және зерттеу дағдыларын дамытуға ықпал ететін тренингтік тәсілімен коучинг өткізді.