Сенім телефоны
53-57-39
email: sosh16@goo.edu.kz
Мекенжайы: Айманов к., 51
53-23-04 53-75-41
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі с 16:00 до 18:00 Жұма с 16:00 до 18:00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
"Кайдзен негіздері" шеберлік сыныбы
30-10-2023 11:51
30 қазан күні "Аманжол Шамкенов атындағы мектеп-лицей" КММ-де "Кайдзен негіздері" шеберлік сыныбы өтті. Шеберлік сыныбын кайдзен-эксперт, тренер Ренат Кәрібай. Кайдзен - "кай+дзен", яғни, жапон тілінен "үздіксіз даму"  дегенді білдіретін жапондық философия. Жалпы алғанда, тұлғаның үздіксіз дамуы, әріпстерімен қарым-қатынас құру, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру. Шеберлік сыныбына мектеп педагогтары, мектеп-лицейдің әкімшілігі және әдістемлік бірлестіктердің жетекшілері қатысты. Кездесу барысында спикер "кайдзен" ұғымының пайда болуы, оның философиясы туралы айтып берді. Кездесудің екінші бөлігінде қатысушылар екі топқа бөлініп, екі турдан тұратын ойынға қатысты. Осы ойынның арқасында педагогтар "5S» технологиясын меңгеріп, командасымен бірге даму жолдарын тапты. Іс-шара соңында қатысушылар өздерінің пікірлерін білдіріп, Ренат Кәрібайға қызықты әрі танымдық шеберлік сыныбын өткізгені үшін алғыс айтты.