Телефон доверия
53-57-39
email: sosh16@goo.edu.kz
Адрес: Айманов к., 51
53-23-04 53-75-41
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі с 16:00 до 18:00 Жұма с 16:00 до 18:00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Елбасының Жолдауы іс жүзінде.
09-03-2012 08:29

«Дүниеде туған еліңнен  артық  ел де, жер де жоқ»

                                                                                                                                                        Ғ. Мүсірепов

Елбасының Жолдауы іс жүзінде.

    Әркімге туған жер қымбат!Адам үшін туған жерден артық ешнәрсе жоқ.

Туған жер ұғымы-кең ұғым. Қазақ халқында туған жер мен туған  ел, Отан деген түсініктер бір-бірінен  бөлінбейтін  ұғымдар.

     Біздің халқымызда  кіндік кескен жер, өңір аймақ өлке- атамекен ұғымына кіреді. Біз үшін атамекен, туған-жер құдіретті, қасиетті нәрселер. 

     Арғы тегі ғұндар, сақтар, скифтер деп аталатын қазақ халқы көптеген ғасырлар бойы туған жерін  қорғау үшін күресін келген.Алтай, Еділ, Тянь-Шань мен Сібір аралығын алып жатқан орасан зор аймақыш сақтап қалды

      Қазір қазақ жерінде тәуелсіз Қазақстан Республикасы құрылған. Тәуелсізділімізге –

20жыл болды.Елімізде жүзден астам ұлттар мен халықтардың өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.

      Қазақстанның әрбір азаматы өз елінің тарихын, мәдениетін, экономикасын дамыту үшін еңбек етеді. Қазақстан Республикасының халыққа Жолдауын зор ықыласпен №16лицей-мек-

теп  ұстаздары талқылады.

      Біздің мектеп ұстаздары Елбасымыз атаған өңір халқы Қазақстан Республикасының

Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел халқына арналған биылғы «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту –Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын ерекше ықыласпен тыңдап, зор қанағаттанғандық  сезіммен қарсы  алды.

      Елбасы Жолдауын әрқашан еліміз үшін саяси, экономикалық,  әлеуметтік салаға бағыт-

бағдар беретін үлкен мәні бар құжат. Елбасының бұл жолғы Жолдауының  ерекшелігі

сол- ол Халықтық Жолдау болды.Өйткені, ең өзекші мәселелердің барлығы елдің қарапайым

халықтық жағдайын одан әрі жақсартуға  бағытталып отыр.Жолдау өзінің нақтылығымен

көңілден шықты, әрбір жобаны іске асырудың нақты жолдары белгіленген.

      Әрбір айтылған сөз терең ойластырылып,  экономикалық тұрғыдан таразыланғаны

көрініп тұр.Әлеуметтік  және экономиканың барлық салаларының даму жолдары нақты көрсетілген. Бұл Жолдау бірге тек қана мақсаттар мен міндеттерді жүктеп отырған жоқ,

оны шешудің де нақты жолдары мен бағыыттарын беріп отыр.Яғни, қандай жолмен жүруіміз

қажет және оның бәрін қалай шешуге болатынына дейін көрсетілген.

           Енді осының бәрін әрқайсысымыз, өз жауапкершілігімізге жүктелген міндеттерді

өз шеңберінде, жүйе –жүйесімен орындайтын болсақ, әрине біз үлкен нәтижеге қол жеткі-

зетінімізге күмән жоқ.Халықтың тұрмысы түзеліп, әлеуметтік  жағдайын артатынына сенім

мол.Осы Жобада жұмыссыздықтан бастап, жастар саясатына дейін барлық мәселелер

ойластырылған.

       Әсіресе, білім беру саласындағы үлкен жоспарлар, оны әлемдік стандарттарға ауыстыру жоспары қуантты. Әрбір педагогтың, әрбір ғалымның, білім мекемелерінің ауқымды жұмыс

атқаруына мүмкіндік бар.Елбасымызды толғандырған өзекті мәселелердің бірі елімізді

инновациялық тұрғыда дамыту жолына түсіру.Инновация дегеніміз-жаңалық жарату, жаңаны еңгізу, үздіксіз жаңғырту, жаңаша бастамалар жасау деген сөз. Инновациялық даму деген тек қана жаңа технология мен техниканы сырттан сатып алу емес, сол техника мен өндірістің

өнімділігін көтеретін, соны білетін жоғары сапалы, жоғары білікті мамандарды даярлау.

      Адам капиталы оқыту –тәрбиелеу жүйесінің басты мақсаты. Технологияның бәрін шетелден әкелуге болады, бірақ олардың бәрі дұрыс жұмыс істемей өндірістік  тиімділігі

төмен болса, мамандар соған сәйкес келмесе, онда біздің алдымызға қойған мақсаттарға жету қиын.Осы орайда біз жоғары сапалы, білімді мамандарды мектеп қабырғасынан даярлауымыз

керек.Ол үшін сапалы, сауатты оқыту жүйесін қалыптастыруымыз керек.Болашақ мамандар –қазіргі біздің  оқушыларымыз. Сол оқушыларға қазіргі заман талабына сай ұстаздар дәріс

беріп жатыр ма?

     Қазіргі замануи мұғалім, өз жұмысында жаңашыл, жаңа техниканың қыры-сырын білетін,

сол арқылы жаңаша білім беріп,  Қазақстан елінің болашақта адал қызмет ететін, өз елін,

жерін сүйетін азаматтарын даярлауда.

     Президентіміздің Жолдауын қорытындылай отырып, әріптестеріме өмірімізді жақсартатын ғаламат міндеттерді орындауға жұмыла кірісейік, оқушыларымыз сапалы білім алу жолында қажымай, талмай еңбек етейік!