Телефон доверия
53-57-39
email: sosh16@goo.edu.kz
Адрес: ул. Айманова, 51
53-89-34; сотовый телефон:87015277638
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда с 16:00 до 18:00 Пятница с 16:00 до 18:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!
20-03-2013 04:27

 

Кең болсын қазағымның керегесі,

кетпесін Алла берген берекесі,

Алаштың баласына нәсіп болған,

Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!

***

Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңитін кезеңі - наурыз мейрамы құтты болсын!

Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың  бастауы,ырыc  пен берекенің арқауы деп бағалаған.

         Олай болса, Наурыз мерекесімен №16 лицей-мектебінің басшылығы мен ұстаздар ұжымын  құттықтаймыз. Баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Осы  жылы ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын!