2016 жылдың 13 қазанында Павлодар қаласының №16 мектеп лицейінің сынып старосталары мектеп басшылығымен бірігіп «Тәуелсіздіктің 25 жақсы ісі» аясында «Қамқорлық» акциясына белсенді түрде қатысты. Акция аясында ардагерлерге мектеп ұйымдастырған концерттік бағдарлама көрсетіліп, мектеп атынан естелік сыйлықтар тапсырылды.