"Павлодар-Ертістегі қала" экскурсиясы
"Павлодар-Ертістегі қала" экскурсиясы
Дүниетану сабағының шеңберінде 1-2 сынып оқушылары арасында Павлодар қаласымен танысу экскурсиясы өтті. Экскурсияны «Пять звезд» туристік агенттігі жүргізіп, қаланың тарихымен, көше атауларының шығу тарихымен таныстырды. Оқушылар жаңа парктер, скверлер, қаламыздың көрнекті жерлері туралы толық мәліметтер алды. Мәшһүр Жүсіп мешіті мен Блоговещенский соборы оқушылардың ғана емес ата-аналардың да қызығушылығын танытты. Экскурсия Ертіс өзенінде теплаходтағы серуенмен аяқталды. Оқушылар қуанышты көңіл күймен қатар оң эмоциялар, шуақты позитивті көңіл күйде қайтты. Ата-аналар балаларын қала тарихымен таныстырған үшін сынып жетекшісі Т.В.Майбородаға үлкен рахметтерін білдірді.