БІЛІМ КҮНІ «Мен-елімнің патриотымын»
Павлодар қаласының 2017 жылдың 2 қыркүйегінде № 16 лицей-мектебінде «Мен- елімнің патриотымын» атты Білім күні өтті. Мектепшілік салтанатқа Павлодар қаласының әкімі Н. Әшімбетов, қалалық білім басқармасының бастығы Г.Қадырбаева, педагогикалық жұмыс ардагерлері қатысты. Жаңа оқу жылының басында №16 лицей-мектебінің педагогикалық ұжымды, ата-аналарды қала әкімі Н.Ә.Әшімбетов құттықтады.