Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ғажайып жанымызда
12-11-2014 04:46
Ғажайып жанымызда

Таңғажайып жанымызда!!!

Күзгі каникулдың алғашқы күндерінде № 17 ЖОББСОБМ 5 "В" сынып оқушылары  шахтерлер мен энергетиктердің қаласы Екібастұзға жол тарттыЖылы да жарқын күн қала ішінде шолулы саяхат жасауға тамаша мүмкіндік берді. Таныстыру қаланың ғибадат  обьектілерінен басталды.Оқушылар қалалық мешіт пен проваславтық шіркеуге саяхат жасады. Залдары тыныштығымен, тәртіптігімен таң қалдырды. Тыныштанып қалған оқушылар бас имамның ақиреттік және бейбітшілік өмір, жақсылық пен жамандық,  Тәңірмен сөйлесудің бақыт екендігі туралы  әңгімелерін мұқият тыңдады.

 

Саяхат барысында, мектеп оқушыларына қаланың әлеуметтік және өндірістік обьектілерін көрсетті.

Екібастұз қаласы  «ең» деген сөзбен ассоцияланады екендігін де білдік.

«Гиннес кітабына » әлемдегі  ең үлкен  «Богатырь» атты  көмір шығаратын  разрез еніпті, ГРЭС-2  -де  Эйфел мұнарасынан 100 м –ге биік әлемдегі ең биік құбыр (430м) бар екен.

Танымал спортшы  Марат Жайлыбаев   жаяу барлық  планетаның  сахараларын кезіп өткен « планета бойынша жүгіруші, адам» ретінде барлық  әлемге танымал болды.  

автобус оқушыларды «Богатырь» разрезінің карьеріне әкеліп тоқтағандағы,  балалардың көздерін терезеден алу мүмкін болмады.

Оңтүстік Американың Каньондарына   ұқсайтын, әсерлі, таңғажайып карьер еңістері  өзінің көлемі мен күшімен таң қалдырды. Кей жерлерде жеңіл түтінмен күл тұқымдары  буланғандай.

Оқушыларды қолдан жасалған тауларда  таң қалдырмай  қоймады. Карьердің маңайында кішігірім көлге ұқсас,  техникалық суайдындарды жасап шыққан адамның еңбегі де таң қалдырды. 

Соңынан керамикалық өнімдерді өндіруші зауыт қонақжайлық танытып есік ашты. Ол зауыттың барын кейбір  екібастұздықтар білмейтін сияқты.

Зауыт директоры  Тимур Анатольевич өзі сөз сөйлеп, жұмыс істейтін цехтармен таныстырып шықты.  

Оқушыларға директордың күйдіру пешінің ішіне кіруге рұқсат берген кездегі қаншама мәре –сара мен қуаныштың болғандығы да  бар.  

Күннің екінші жартысындағы түскі астан кейін біз тарихи-өлкетану  мұражайына бардық. Онда  мазмұнды 9 залы бар.  Мұнда бәрі де бар: Екібастұз өңірінде 1000 жылдай жатып қалған,   адам қаңқасы, бай өлкенің флорасы және айуанаттар дүниемі,бұл өлкені  мекен еткен  халықтардың көне  әбзелдеріне дейін бар.

 Жеке зал қаланың танымал адамджарына арналған болды.

Қаламен танысу аяқталып, автобус бағыты павлодар қаласына бет алғанда гид Елена Ивановна балалармен  сайыс өткізіп, сыйлықтар берді.  Мектеп оқушылары  қойылған сұрақтарға көргендері, естігендері бойынша жауап берді.

Оқушылар көпке дейін көркен-білгендері туралы  әңгімеледі. Расында, таңғажайыптың бәрі де жанымызда!

Мұғалім:  Блашкина Н.Н.