Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мектептің үздік түлектері

Нефёдова Наталья Владимировна.

11.jpgНаталья Нефедова - біздің мектептің түлегі. Университетті бітіргеннен кейін мектепте мұғалім, университетте оқытушы болды. Ішкі саясат департаментінде балалардың құқықтарын қорғау департаментінде жұмыс істеді. 2014 жылдан Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болды.  Саясаткер -  әйелдер клубының мүшесі. Наталья Нефедова 2018 жылдан бастап 2020 жылғы шілдеге дейін Екібастұз әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарының қызметін атқарды.

 

ПРОКАШЕВА ЛЮДМИЛА ВЯЧЕСЛАВОВНА

11.jpg

Людмила Вячеславовна Прокашева (1969 жылы 23 қаңтар, Павлодар қаласы, КСРО дүниеге келген) – Қазақстан конькишісі. 1998 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. 1995 жылғы классикалық көпсайыста әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 1996 жылғы Қысқы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы. 4-ші Олимпиаданың қатысушысы.  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет" орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Павлодар облысының Құрметті азаматы (2011).

 
 

МАШРАПОВА ГУЛЬАЖАР

55.jpg

   Машрапова Гульажар  – Павлодар қаласы №17 мектебінің түлегі. Мектепті 1998 жылы аяқтады. Оқыған кезінде мектептің намысын қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен қалалық, облыстық олимпиадаларда қорғады. 2003 жылы Павлодар университетінің филология факультетін үздік аяқтады. 12 жыл бойы «Қазақфильм» киностудиясында қызмет етеді. Бүгінгі таңда жарнама бөлімшесін басқарады. Жыл сайын «Евразия», «Шакен жұлдыздары» атты кинофестивальдерін үйлестірушілерінің бірі болады. 2015 жылдан бері Қазақстан киносыншылар гильдиясының мүшесі болып табылады. Отандық кинематографты насихаттау бойынша көптеген істерді атқарып, ашық көріністер алдында белгілі қазақ режиссерлары, продюссерлері, актерлермен кездесулерді, бриффингтерді ұйымдастырады. Қазақстандық киножобалар, фестивальдерді насихаттау мақсатымен еліміздің танымал телеарналарымен қызмет етеді.
 
 

ТАНАБАС ҚУАНДЫҚ

78.jpg

   Танабас Қуандық өте қабілетті, дарынды оқушы болды. Тіл мен әдебиет пәндерін ерекше ықыласпен, сүйіспеншілікпен оқитын. Мектеп қабырғасында жүргенде оқушылар арасындағы айтысқа қатысып, ақындық дарынымен де көзге түскен. Мәдениеті жоғары, үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қарайтын, достары тарапынан әрқашан сыйлы, құрметті оқушы болды.