Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
"Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2022 жылғы 22 желтоқсанда А.Шәмкенов атындағы ЖОББМ базасында "Үлкен үзіліс – 2023" жобасының " Жайдарман LIFE" III кезеңін өткізді. Жобаның мақсаты-шығармашылық өзін-өзі ұйы
29-12-2022 10:20

"Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2022 жылғы 22 желтоқсанда А.Шәмкенов атындағы ЖОББМ базасында "Үлкен үзіліс – 2023" жобасының " Жайдарман LIFE" III кезеңін өткізді. Жобаның мақсаты-шығармашылық өзін-өзі ұйымдастыруды, өзін-өзі жүзеге асыруды, мектеп ұжымдарының өзін-өзі бақылауын дамыту, шығармашылық жоба процесінде ұжымдық ынтымақтастықты қолдау және кеңейту, мүдделер бойынша жан-жақты қажеттіліктерді қалыптастыру.
Жоба оқу жылы ішінде өткізіледі және 7 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің соңында ең аз ұпай жинаған 3 команда шығарылады.
"Жайдарман LIFE" кезеңіне № 1, 5, 7, 14, 17, 18, 19, 21, 26, 31, 33, 34, 35, 37, 43, Малайсары батыр атындағы, Қ. Мақпалеев атындағы, Қ.Бекхожин атындағы, М. Әлімбаев атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Жетекші жалпы білім беретін мектептерінен 275 оқушыдан тұратын 20 команда қатысты .
Бұл кезеңде қатысушылар әзіл – қалжың, қызықты көріністер, күлкілі миниатюралар мен актерлік шеберліктерін көрсетті.
Конкурс қорытындысы бойынша ең аз ұпай жинаған № 7, 18, М.Әлімбаева атындағы мектептер жобадан шықты, қалған 17 мектептің командалары келесі турда кездеседі. @bilim_pavlodar