Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қош келдің, әз Наурыз» атты іс-шара қазақ сыныптарының арасында наурыздың 17 күні өткізілді.
21-03-2012 15:32
«Қош келдің, әз Наурыз» атты іс-шара қазақ сыныптарының арасында наурыздың 17 күні өткізілді.

Қатысқан топтар құрама командалар болды (5,6,7,8-сыныптар аралас).  Іс-шара 6 кезеңнен тұрды. Құрама командалар өздерін шумақтап таныстырып, жасаған эмблемаларын қорғады. Үй тапсырмасы ретінде балалар Наурызды жаңаша нұсқада көрсетті. Олар наурыз көженің жаңаша жасалуын, қыздардың ұлттық киімдерін, салт-дәстүрлерді таныстырды. «Әнді сүйсең, меңше сүй» дегендей, балалар «Бұл қай ән?» атты кезеңде қазақтың әуендерін тыңдап, әннің атауы мен әншіні шапшаң айтты. «Мақал-мәтелдерді табу» кезеңінде балаларға мақалдың басы берілді де, топ жалғасын тапты. Оқушылардың қолөнері «Құрақ көрпені тігу» кезеңінде байқалды.

         Барлық командалар жақсы дайындалды. Сайысқа 4 команда қатысты. Олардың «Наурыз респект», «Шаңырақ» командалары – І орынға, «Каинфаду» командасы - ІІ орынға, «Қыдырлар» командасы - ІІІ орынға иеленді. Барлық оқушылар мадақтамалармен марапатталды.

 

ӘБ жетекшісі.