Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
« Ұлт мерейі – тіл» атты іс-шара 7-сынып оқушылары арасында өтті.
26-09-2012 16:00
« Ұлт мерейі – тіл» атты іс-шара   7-сынып оқушылары арасында өтті.

Тілдер күніне арналған іс-шара сайыс түрінде өтті. Сайыс алты бекеттен тұрды. Сайысқа төрт топ қатысқан болатын.  Осы сайыста оқушылар өздерінің тіл жайлы біліктерін арттыра түсті. Таныстыру бекетінде оқушылар әр түрлі елдің сәлемдесу сөздерін аударып, қай ел екенін айтты. 7а сынып оқушылары белсенділік танытты. Үміт бекетінде оқушылар белсенді тақтада көрсетілген мақал- мәтелдерді толықтырды (сурет бойынша сөздерді тапты). Қызықты грамматика кезеңінде қатысушыларға грамматикадан бірнеше тапсырма берілді, 7б сынып оқушылары қатесіз жақсы орындады. Ғалым бекетінде тілге байланысты тест сауалдары болды, оған 7д сынып оқушылары қатесіз жауап берген болатын. Ойлан тап деген кезеңінде берілген сөзден көп сөз құрастырған - 7в сынып оқушылары. Көрермендер де қойылған сұрақтарға белсенділік танытып жауап берді. Сайыс қорытынды бойынша ең көп ұпай жинаған  - 7в сынып оқушылары. Іс-шарада бірнеше номинация қарастырылған. «Білгірлер» номинациясына - 7в сынып оқушылары ие болса, «Полиглот» номинациясына 7 а сынып оқушылары, «Шешендер» номинациясына  7 б  сыныптың қатысушылары иеленді де, 7д  сынып оқушылары «Ғалым» номинациясына ие болды. Барлық топтар мадақтама қағаздарымен марапатталды және әр қатысушыға сыйлық берілді.

 

                                                      Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдерінің

          ӘБ жетекшісі