Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ұлттық ойындар - Нацианальные игры
17-03-2013 16:54
Ұлттық ойындар  -  Нацианальные игры

Қазақ тілі мен әдебиет пән апталығы аралығында 8-ші сыныптар арасында «Ұлттық ойындар» бойынша жарыс өтті. Жарыс  5 кезеңнен тұрды. Оқушылар өз топтары мен ұрандарын айтып, ұлттық ойындарды  сурет арқылы танып, атауларын жазды. Ұлттық ойындардың ішінен асық ойыны, арқан тартысу, бәйге, аударыспақ ойындарын ойнады. Асық ойынында мергендер бір-бір асықтан өз қанжығаларына салды. Арқан тартысу ойынын ойнап, күштілігімен ерекшеленген 8 «А» сыныбы. Бәйге ойыны шапшандылықты талап етеді, мәреге бірінші болып 8 «Д» сыныбы келді. Аударыспақ ойынын қазақ халқы аттың үстінде ойнаған, ойынның мақсаты - ойыншыны жерге жығу. Жарысқа қатысушылар аударыспақ ойынын қызыға ойнады. Бұл жарыста 8 «Е» сыныбының қыздары да ұлдардан қалмай алдыңғы қатарларда болды. Жарыстың нәтижелері бойынша І орын  8 «а» сыныбы, ІІ орын 8 «Д», ІІІ орын 8 «Б» сыныбы , сонымен қатар мергендер номинациясы бойынша 8 «Е» сыныбы марапатталды. Барлық қатысушыларға шағын сыйлықтар берілді.