Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Дарындылармен жұмыс
19-09-2014 10:58
Дарындылармен жұмыс

2014 жылдың 6 қыркүйегінде «№ 17 ЖОББСОБМ» көлемінде бастауыш сынып мұғалімі Рушанова Зейнеп Аубакировнамен «Оқу-тәрбие процессіне  талантты және дарынды балаларды тарту» тақырыбы бойынша коучинг өткізілді. Дарынды балаларды  анықтау және қабілеттерін  дамыту мектебіміздің басты тапсырмасының бірі.

Мектепте  дарынды балалармен тұрақты  әдістемелік  жұмыс құрылды; гимназиялық сыныптар функцияланады.

Коучинг–сабақ  өте жоғары деңгейде өтті. Сессияға  20 мұғалім қатысты, соның ішінде мектеп директоры –Мәлікова Айгүл Қайыртасқызы да  қатысты. Коучингтің негізгі мақсаты: ұжым мүшелеріне осы жұмыстың маңыздылығын  түсіндіру және  оқытуда  оң қалыпты дағдыны қалыптастырудың  мәселесіне көңілді көп бөлу.  Бұл коучинг  дарынды балалармен жұмыстың басты  бағыттарын қамтыды және оқу тәрбие процессіне  дарынды балаларды  тиімді тарту сияқты,  нақты кейбір нұсқауларды ұсынды.

Топта жұмыс істей отыра,  қатысушылар өз ойларын айтты, өз ойларын дәлелдеді, сұрақтарға жауап берді.  Коучинг барысында   дарынды балалармен жүргізілген жұмыс нәтижесі және  осы бағыттағы алдағы  жұмыстың жоспары жасалды.