Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қасиетті қара шаңырақ.
02-04-2013 16:45
Қасиетті  қара шаңырақ.

Жыл сайын Наурыз мерекесіне  дайындық қарбаласымен қатар келетін қазақ тілі апталығы 17 орта мектебінде дүбірлі күндердің бірі болды.

Кеңес заманы кезеңінде біздің аздап жұтаңдана бастаған салтымыз, дәстүріміз,тіліміз,ән-күйіміз,биіміз,ұлттық ойындарымыз,әдебиетіміз бен мәдениетіміз осындай кездерде жанданып,өзге ұлт, жаңа заман балаларының санасына құйып,көңілдеріне тоқуға болатынына куә боламыз.

6-сынып оқушыларының арасында «Қасиетті  қара шаңырақ»атты танымдық сайыс өтті.Әр сыныптан  бес топ құралды . Бұл апталыққа әр сынып барынша дайындалды.

Ең бастысы -бұл сайыстың кезеңдері кең байтақ қазақ даласының тарихы,көшпенді қазақ елінің салт-дәстүрі,киіз үйдің болмысынан сыр шертті. Осындай танымдық тәрбие сағаттары ұрпағымыздың санасын,тілін,танымын дамытуға,тұлға болып қалыптасуына үлес қосатыны ақиқат.