Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Біз орыс тілімен доспыз
23-09-2013 09:55
Біз орыс тілімен доспыз

Біздің мектепте қыркүйектің үшінші аптасында танымы мен қызығы мол орыс тілі апталығы өтеді.Аптаның алты күні бойы бақылау жұмыстарының көп болуына қарамастан өткізілген шараларға оқушылар белсене қатысты.Балалар тақырыптық қабырға газеттерін шығарып,түрлі сайыстар мен жарыстарда өздерін көрсете білді.Бұл шаралардан 7 «е» сынып оқушылары да қалыс қалмады. Жұма күні олар «Орыс тіліне қош келдіңіздер!» атты ойындар әлеміне еніп, орыс тілінен білімдерін көрсетті. 

  Шара жеребе тастаудан басталды.Қатысушылар 4 топқа бөлінді. Бұлар Орыс тілі мемлекетінде  тұрақты тұру үшін келген шетелдіктер.Рұқсат қағаз алу үшін бірнеше емтихан тапсыру керек болды.Бірінші сайыс бойынша балалар  оқылатын тіл ғылымы бөлімдерін еске алды.Нәтижесінде Орыс Тілінің географиялық  картасында Фонетика,Морфология,Синтаксис т.с.с. аймақтарды анықтады. Содан кейін шарадалар шешуде тапқырлықтарын көрсетті.

Ойын аяғында шашылған сөздерден сөйлем құрап,топ болып осы сөйлемді қорғады.

Жеңімпаз  болып 7 «е»сыныбы анықталды. Барлық топтар бірдей жоғары ұпай алды.Бұл нәтиже оқушылардың пәнді жақсы меңгергендігін және оны көрсете білгендігін айқындады.  Әділ билік айтқан орыс тілі мұғалімі А.А.Криворучкоға ерекше алғыс білдіреміз.

 Ал 6-сынып оқушылары фольклор,мифология,әдебиет туралы білімдерін көрсетіп,әдебиет әлемін зерделеді.Оқушылар белгі-жұмбақтар шешіп,ертегілерден сахналық қойылымдар көрсетті.Сонымен қатар 6-сынып оқушылары «Тіл қуаныш әкелуге қабілетті» мини-акцияға қатысып,бір-біріне қошемет сөздер айтты.