Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақстандағы Тілдер айлығы
23-09-2013 10:49
Қазақстандағы Тілдер айлығы

Қыркүйектің басында біздің мектепте Қазақстандағы Тілдер айлығы өз бастауын алды.Мереке қарсаңында 7А,Б-сынып оқушылары «Орыс тілінің ғажаптары» атты ауызша журнал өткізуге қатысты.Сынып бөлмесі жұмбақтармен,орыс тілі туралы қызықты дәйектермен,сөзжұмбақ,суретті жұмбақтармен безендірілген газеттермен әшекейленді.

  Журналдың бірінші бетіндегі тапсырма бойынша шашылған әріптерден орыс тілі туралы айтылған нақыл сөздерді жинақтап оқу.Тілдің шығу және даму тарихынан М.Кальченко,К.Богова,Я.Елистратова,Е.Иванченко,Д.Әбішевтер мәліметтер берді.Біз орыс тілі-нің байлығын көрсету үшін,тек қана бір әріптен басталатын сөздерден сюжетті әңгіме тыңдатып, оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру мақсатында өздеріне әңгіме құраттырдық.

Сөздердің шығу тарихы бәрін таңғалдырды. «Каникул»деген сөз ежелгі римдіктердің Каникулы деген жарық жұлдыздың атауына байланысты шыққандығын,білді.Жаздың ең ыстық күндері осы жарық жұлдыз шоқ жұлдыздар арқылы өткенде,адамдар демалады екен.Қазіргі каникул-демалыс осылай пайда болыпты-мыс.В.Горбылева мен Я.Лемешко журналдың «Дұрыс айт» деген бетін,О.Батурина мен Я.Чиглинцева қызғылықты түрлі жұмбақтар, шарада,ребустар дайындады.Оларды В.Кашин,Е.Березняк,В.Гусельников,А.Смагулова сияқты оқушылар толықтырып,анаграмма,логогриф,жұмбақтар,суретті фразеологизмдерді шешуді ұсынды.

Әрине,жаңылтпаштарды тез айтамыз деп балалар күлкіге батты.Журналдың келесі бетінде орыс тілінің ғажайыптары туралы Д.Маратова,Е.Мещерякова,Н.Тарасенко,Д.Омарова,Д.Чичина,В.Тихонов сияқты оқушылардың жұмыстары болды.Сыныптағы оқушылардың аттарының шығуы туралы О.Горянова баяндады.

Сыныпта грек,түрік еврей, орыс,парсы т.с.с. тілдерден бастауын алатын балалар аттары бар екен.Оқушылар газет безендіруде М.Двинянинаның еңбегін жоғары бағалады.А.Литвинова,Е.Насоновс,Д.Ибраева,Н.Горбуновалардың жасаған беттері танымдылығымен,әзілдерімен ерекшеленді.Оқушылар сөзі қол шапалақтарына ұласып жатты.

Орыс тілі -тек қана құрғақ ғылым емес,салмақты да салиқалы ,тек қана бай тіл емес,сонымен қатар қызық тіл екендігіне көзімізді жеткіздік.