Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Біздің жерлесіміз –ұлы ақын М.Әлімбаевқа 90 жас.
06-11-2013 05:09
Біздің жерлесіміз –ұлы ақын М.Әлімбаевқа  90 жас.

1923 жылдың қазан айында Щербақты ауданының Маралды ауылында ұлы қазақ ақыны Мұзафар Әлімбаев туды. Биыл Кереку өңірінде  ақынның 90-жылдық мерей тойына арналған салтанатты іс-шаралар өткізіліп жатыр. Біздің мектепте де осы мерей тойға арналған салтанатты кеш өтті. Бұл іс-шараны 6 «А» сынып оқушылары қазақ тілі мұғалімі А.Т.Машрапова жетекшілігімен ұйымдастырды. Бұл кеш алдында үлкен дайындық жұмыс жүргізілді. Оқушылар ақын туралы мәлімет іздеп,  ақынның балаларға арналған өлеңдерін жаттап, сөзіне жазған әндерін үйренді. Салтанатты кеш елімізге танымал «МұзАрт» эстрада тобының орындауындағы «Маралдым» әнімен басталды. Бұл әннің сөзінде ақынның туған еліне, ата-анасына, қазақ жеріне деген махаббаты байқалады. Әннің лирикалық әуенін естіп, қатысушылар  ақынның туған Маралды жерін елестеткен сияқты болды. 

Әдеби кеш төрт бөлімнен тұрды: ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы презентация, өлеңдер айтысы, ақын туралы әдебиетке шолу, викторина.

Бірінші бөлімде оқушылар ақынның өмірбаяны туралы мәлімет берді, кейін оның шығармашылығын зерттеген жұмыстың нәтижесімен таныстырды.  Презентация жасағанда оқушылар өзінің мәлімет жинау, презентацияны жариялау, безендіру сияқты құзыреттіліктерін көрсете білді. Әсіресе, Закаблукова Н., Доронин Д, Абрахманов А, Айтпаев Д, Двинянина К., Дробышев С, Коновалова В, Дандыбаева Д.  белсене қатысты.

Екінші бөлімде оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Үшінші бөлімде мектеп кітапханашылары ақынның кітаптары және оның мерей тойына арналған газет-журналдарға шолу жасады. Оқушылар өте көп керекті мәлімет алды.

Төртінші бөлімде оқушыларға ақын туралы сауалнама ұсынылды. Оқушылар қызығушылықпен сұрақтарға жауап берді. Әсіресе, Дробышев С, Закаблукова Н, Двинянина К. әрі дұрыс, әрі толық жауап берді.

Іс-шараның ең соңында бәрі ақынның сөзіне жазылған «Мұғалім ол біздің» әнін шырқады. Кешке қатысқандар көтеріңкі көңілмен тарады.

 

                                                           Закаблукова Н.- 6 «А» сынып оқушысы,

                                                           Машрапова А.Т.-қазақ тілі мұғалімі.