Көктемгі демалыста
4 А сынып оқушылары көктемгі демалыста № 10 кітапханада «Наурыз мейрамы» мерекесінде болды. Мереке басынан аяғына дейін екі тілде өтті. Балалар қазақ халқының салт- дәстүрлері туралы көп мәлімет алды, қазақ тілінде сөздік қорларын байытты. Меркеде бауырсақтан дәм татып, шашуды тамашалады. Сонымен қатар қызықты ойындар ойнап, қазақ тілінен білімдерін жетілдірді. Ұлттық ойындар арқылы «Бәйге» шапшаңдыққа, ептілікке жаттықты. Оқушылар осы мерекеде Отанын сүюге , тілін, елін құрметтеуге тәлім- тәрбие алды. Мереке соңында жарыс қорытындысы шығарылып, сыйлықтар берілді.