Ата-аналарға арналған мектепішілік жиналыс
![Ата-аналарға арналған мектепішілік жиналыс](/media/img/blogs/5350d894a31cc.jpg)
Біздің мектебімізде 17 сәуір күні 9-11-сынып түлектерінің ата-аналарына арналған мектепішілік жиналыс өтті. Жиналысқа жоғары және орта-кәсіптік оқу орындарының мамандық бағыттаушылары шақырылды. ПМУ, ИнЕУ, түрлі-түсті металлургия, теміржол коллеждерінің өкілдері және де басқа колледжердің өкілдері қатысты.
Әрбір оқу орындары туралы ақпаратты толығырақ алуға мүмкіндік болды.
Жалпы атап айтқанда, жиналыс ата-аналар көңілінен шықты. Олар таратпалы ақпараттар алды.