Телефон доверия
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Адрес: 140000 г.Павлодар, ул. Катаева, 68
Приемная - 200880
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда с 15.00 до 17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Біздің мектебіміздегі сүйінші жаңалықтар
26-04-2014 04:28
Біздің мектебіміздегі сүйінші жаңалықтар

25.04 күні қаламыздағы №35 мектепте ұлы дана кемеңгер ақынымыз  Абай Құнанбаев атамыздың өлеңдерінен сайыстар өтті. Бұл сайысқа қаланың мектептеріндегі ең дарынды оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Сайыс үш салада өтті . Осы сайыста мектебіміздің ең ерке жас бүлдіршіні  1 «Г» сынып оқушысы Алькенева  Айдана «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» аталымында тамаша өнер көрсетіп бас жүлдені иеленді. Дайындаған жетекшісі Жазкей Еркеш мұғалім. Ал «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» аталымында 4 «Г» сынып оқушысы Нұғыман Лейла 2 орынды қанжығасына байлады   Жетекшісі Искакова Қорлан . «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» аталымынды 4 «Г» сынып оқушысы Байбатша Гулім  3 орынды иеленді  жетекшісі  Жазкей Сайрагул . Оқушыларымыздың шабыты асқақтай берсін, өнері өрге жүзе берсін!