Менің құқығым

«Солнечный» лагерінің 2-ші маусымының да бірінші жұмалығы өте шықты. Таңертеңгі тамақтан соң балалар линейкаға сапқа тұрды «Менің құқығым» атты тақырыпқа балалар «Мен-мектепте» және «Мен және медицина» деген тақырыптарға, қойылымдар көрсетті. Одан соң күннің ысып тұрған кезінде біз «Нептун» бассейініне бардық. Қанша қуаныш, қанша күлкі болды десеңізші! Балалар судан шыққылары келмеді. Ал лагерге қайтып келу онша ыстық болмады. Асханада бізді өте дәмді борщ және тұшпарамен тамақтандырды, одан кейін, ұйқыға кеттік, неге десеңіз, біз бәрімізде «Асыл тастар» ұтып алғымыз келеді. Келесі бассейінді асыға күтеміз тағы да бізге тәрбиешілеріміз қандай күтпеген сыйлықтар дайындап қояды екен!