Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Назар аударыңыз! Акция «Мектепке жол»!
06-08-2014 11:18
Назар аударыңыз!  Акция  «Мектепке жол»!

Құрметті қала тұрғындары!

 

Жаңа 2014 – 2015 оқу  жылын ұйымдастыру мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамызынан 30  қыркүйегіне дейін  республика бойынша «Мектепке жол» атты акция өткізу жарияланды. Аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушы балаларға мектепке барар дайындық кезінде демеу жасау, киім-кешектің, аяқ – киімнің, кеңсе тауарларының және т.б. заттардың жоқтығынан  мектепке келмей қалудың алдын алу  акцияның мақсаты болып табылады.

Мектеп жасындағы барлық балалар 1 қыркүйекте мектеп парталарына отырулары тиіс.

Қала тұрғындарының барлығын осы акцияға қатысуға шақырамыз.

Қайырымдылық көмек нақты отбасыға, балаға, мектепке берілуі мүмкін.