Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
« Ханшайымның ойы»
10-10-2014 05:57
« Ханшайымның ойы»

            Павлодар қаласының № 17 ЖОББСОБМ   9 «А» және 8 «А» сынып оқушылары  6 қазанда  А.И. Цветаеваға арналған, Достық Үйіндегі мұражайға барып қайтты.

  Анастасия  Ивановна  Цветаева  1884 жылы 15қыркүйекте дүниеге келген. Үйінде оны қысқа  ғана Ася деп атаған. Анастасия Ивановнаның  Марина Ивановна Цветаевадеген әпкесі болған. Шешелерінің түберкүлезден қайтыс болған сәтінен  бастап, екі қыздың  балалық шағы қиынға соққан. 1912 жылы  А.И. Цветаева  Б.Трухачевке тұрмысқа шығады,  ал осы жылдың 9 тамызында ол ұлды болады. Сонымен қатар, 1915жылы А. Цветаеваның алғашықы кітабы жарық көргенін білдік: « Ханшайымның ойы» . Анастасия Цветаева өзінің көптеген өлеңдерін өзінің әпкесі Маринаға арнаған:

                       Мы вода из одного источника.

А.И Цветаеваның өмірі қиын болды.  Бізге  Григорьева О.Н.айтқанындай,  Анастасия Ивановна қатал  жазалауға бүтіндей 17 жыл соқтығысқан. Өзінің жоғалтып алған өлеңдерін лагерде қайта жазды. Суреттер салған, еден жуған,сызушы болған. 17 жылдан кейін ғана  ол мойнындағы барлық жазалардан  толығымен айыққан. 

          Бірақ, менің ойымша ең қызықтысы сыныптасының немересі Оляның  әңгімесі болды.

        Қазір барлық әлемде Цветаевтардың 10 мұражайы бар. 2013 жылдың 4 қаңтарында  Павлодарда ең алғаш  М.И. және  А.И Цветаевалардың мұражайы ашылды. Көптеген ақындар мен жазушылар өздерінің туындыларын осы  А.И. Цветаеваға арнаған.  

        Ең таң қаларлығы, біздің  қаламызда Цветаевалардың үйі бар екендігі- олар-біздің жерлестеріміз.

        Бізге тамаша тұлға туралы білу әрқашан қызықты және бүгінгі кездесу  өте ұнады.

 

 

  9»А»сынып оқушысы Литвиненко Агелина