Қазақстан тарихынан сайыс сабағы өтті.
Сабақтың мақсаты:оқушыларға тас дәуірі тарауы бойынша алған білімдерін жинақтап қорытындылау, оқушылардың білім деңгейлерін анықтау. Логикалық ойлау, оқиғаларды оқып үйрену, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Жарыс сабағы 6 кезеңге ұйымдастырылды.
1-кезең. «Сенемін – сенбеймін».
2-кезең. «Жұмбақ жылдар».
3-кезең. «Сен маған – мен саған».
4- кезең. «Ежелгі адамдар елінде».
5 – кезең. «Сандар сөйлейді».
6 – кезең. «Мақал-мәтелдер».
Оқушылар«Палеолит» , «Мезолит», «Неолит» топтарға бөлінді.Топтардың ішінде өзінің білімділігі және алғырлығымен «Мезолит» тобы озып алға шықты.
Келесі орындарды «Палеолит» және «Неолит» топтары өзара бөлісті.
Тарих пәнінің мұғалімі Хажихан Б.