Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»
22-10-2014 12:39
«Жолда жүру ережесін  сақтаймыз!»

№17  ЖОББСОБМ   бастауыш сынып мұғалімі:Смагулова Бақытжан 

 Кәкімқызы.               

20-қазан күні  3 «г»  сыныбында «Жолда жүру ережесін  сақтаймыз!» атты сынып  сағаты өткізілді.

  Бала –біздің болашағымыз.Ал сол болашағымызды алуан түрлі аппаттардан сақтап,аман-есен азамат  етіп тәрбиелеу ең алдымен ата-ананың,ұстаздың төл  міндеті.

     Қала көшелерінде көлік санының шектен тыс көбеюіне байланысты алуан түрлі көлік  апаттары орын  алып  жатады.Сол апат салдарынан жас өспірімдер әр түрлі оқиғаға душар болады. Сол себептен бүгін  тәрбие  сағатында көше ережелері  жайында  айтылды.

Сынып  сағатына мектеп  инспекторы Қарманова Айгүл Асылбекқызын кездесуге  шақырдық. Ол көшеде арнайы ақ жолақтан өту керектігін ,жол қиылысында абай болу керектігін  түсіндірді.Көшеде,жолда доп ойнауға ,қыс мезгілінде шанамен сырғанап ойнаға болмайтындығы ескертілді.

Жолдағы қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін,әрқашан ұқыпты ,сергек болып,жолда жүру ережелерін  біліп қана қоймай оны орындау керектігіне тоқталды.Бұл сенің денсаулығыңды және өміріңді сақтайды.