Жас орынбасарларының кезекті отырысы
Мектептің даму Бағдарламасын әзірлеу, оны жүзеге асыру туралы шараларды қалай жоспарлау? Педагогикалық кеңестердің тақырыптары мектептің проблемалық тақырыптарымен қалай байланысты? Педагогикалық кеңестерге дайындалу бағдарламасын қалай әзірлеу? Осы және басқа да сұрақтарға директордың жас орынбасарларының кезекті отырысында Павлодар қаласының №17 мектеп директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ольга Николаевна Баринова жауап берді.