Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Сайын даланың сұңғыла суреткері » Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген іс-шара
22-12-2014 10:15
«Сайын даланың сұңғыла суреткері »  Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген іс-шара

«Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі - қолбасшылық, екіншісі - шешендік өнер» - деп ұлы шешен-ділмар М.Т.Цицерон айтып кеткендей, қазақ халқында шешендік өнер-атадан мирас болып, алтын баулы желісі үзілмей келе жатқан ардақты өнер. 

Пікір-сайыс  кештің мақсаты:Сайын Мұратбековтің  өмірі мен шығармашылық жолымен таныстыру,Оқушылардың ой-өрісін дамытып сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, өз ойларын тиянақты жете айта біліп, қарсыластарын тыңдай білуге дағдыландыру.Жамандықтан аулақ болу, дұрыс, не бұрыс екендігін ажырата білуге баулу. Сөз додасына түскенде мәдениеттілікті сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Пікірсайыс сабақ
Пікір айтушылар екі топқа бөлінеді.

Жақтаушы:« Атажұрт»

Даттаушы: «Атамекен».

Пікір-сайыс  төменгі 3 кезеңнен тұрады

1. Махаббат

2. Туған жер

3. Өмір

4. Қорытынды (бақыт)

Бәрінен бұрын адамның жан дүниесі, рухы мен ар - ұжданы азаттықты тілейді екен. Сол халқым өз табиғатына тән тіршілік кешкісі келсе, несі айып? Ақыры бұғау біткенге сыймай, шідер біткенді шірей тартып, халқымыз тәуелсіз ел дербестігіне қол жеткізді.
Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт - сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.Біз бақытты елдің ұрпағы екенімге мақтанамыз. Келесі кездескенше  сау болыңыздар.

 Пікір-сайысқа  екі топта жақсы дайындықпен келді. Олардың ішінде  өз ойларын  нақтылы жеткізе білген оқушылар  Фархат, Луфтулла, Олжас,Назым,Гүлжан, Нарғыз... т.б