А.П. Чехов атындағы театрға барған кезімдегі көңіл күйіммен бөліскім келеді. Күзгі демалыс кезінде біздің сыныбыздағы оқушылар М. Булгаковтың « Мастер и Маргарита» атты шығармасы бойынша қойылған сектакльге барды.Театрдың жағымды әсері ауласында сезіліп тұрды: таңқалдырарлық афишалар, жиі-жиі жыпылықтаған шамдар, қойылымға асыққан адамдар әсерлі еді. Спектакль мені актерлардың шығармашылық деңгейдегі қойылымды көрсетуімен таңқалдырды.Декорациялар, дыбыстық және жарықтық эффектілер, музыкалық үндестік « Мастер и Маргарита» әлеміне енгізіп жібергендей болды. Актерлардың шеберлігі негізгі шығарма кейіпкелерімен автордың нені бізге жеткізгісі келгені туралы ойландыра түсті. Қоййылымның соңы ұзақ қол шапалақтауға ұласты. . Көрермендер сүйікті актерларына гүл шоғырларын сыйлады. Барлығының көңілі рахаттанып, ерекше сезімге бөленді. Сондай сезімде мен де болдым. Мен театр атты ғажайып әлеммен кездесуді күтуде боламын.
8 «А»сынып оқушысы Голубева Арина