Рефлексиялаушы-практик
Мектептің жұмыс жоспарына сәйкес 31.10.16ж. әдістемелік бірлестіктер мен шығармашылық топтарда коучингтер ұйымдастырылды. Соның бірі-қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің ӘБ өткен «Рефлексиялаушы-практик» коучингі. Коучингті «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы бойынша курсты бітірген қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Э.Е.Талипова жүргізді. Коучинг барысында мұғалімдер сабақтың әр кезеңіне талдау жасап, рефлексия жүргізді. Коучинг мақсаты мұғалімдерге рефлексия жасаудың тиімділігі мен тәсілдерін көрсету болды. Сонымен бірге сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша тапсырмаларды құрастыру жолдары да талқыланды. Мұғалімдер топтарда рефлексия жасап, бес бармақ әдісі бойынша коучингтің қорытындысын жасады. Рефлексия нәтижесі бойынша коучинг мұғалімдерге кері байланыстың тиімділігі мен қалай жүргізілу керектігі туралы толық мәлімет алғандарымен бөлісті.
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі ӘБ. Талипова Э.Е.