Би дегенің - керемет!
7-қыркүйек күні мектебімізде Денсаулық Фестивальі науқаны шеңберінде төменгі сынып оқушылары үшін мектеп ауласында бірегей флешмоб өтті. Шараны ұйымдастыруға ат салысқан дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, мектеп хореографы және жоғарғы сынып оқушылары. Аталған шара екі ауысымда оқитын оқушыларды қамтыды. Көңілді әуен мен әсем би мектеп оқушылары мен ұстаздарының көңілдерінен шықты. Денсаулық аптасы біздің мектепте осылайша қызықты өтуде.
Аға тәлімгер
Айбекова А.Ж.