«Наурыз-думан» атты мерекелік кеш дәстүрлі түрде 18 наурызда өтті. Аталған кеште Жазкей Еркегүл мұғалімнің басшылығымен домбыра оркестрінің балалары күй тартты. 2г-3г сынып оқушылары мәнерлеп өлең оқыды. 5г сынып оқушылары мен жазкей Еркегүл «Наурыз-көктем» атты ән шырқады. 8г сынып оқушылары «Тұсау кесу» атты дәстүр көрсетті, кеш соңында шашу шашылып, бауырсақтар таратылды.