Сенім телефоны
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қызықты грамматика
30-03-2016 01:24
Қызықты грамматика
Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының жоспарына сәйкес қазақ тілі мұғалімі Н.Н.Шойынбаева 2 «а» сыныбында «Қызықты грамматика» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты – грамматиканы еске түсіру, пысықтау, пәнге деген қызығушылықты арттыру. Оқушылар өтілген тақырыптар бойынша саяхатқа шықты. Әйгілі «Саяхатшы Дара» мультфильміне негізделген сабақ өте тартымды өтті. Балалар түрлі қиындықтардан өтіп, жол сілтемесінің бағыты арқылы қозғалды. Балалар «Блиц-турнир» бөлімінде шапшандықты танытып, сұрақтарға дұрыс жауап берді. Сынып үш топқа бөлініп, 5 тапсырманы орындады. Оқушылар суретпен жұмыс жасап, кубиктердегі әріптерден тақырып бойынша сөздер жинады. Оқушылар грамматиканы жан-жақты қайталады. кызыкты гр3 кызыкты гр4 кызыкты граматика2