«Ертегілер елінде» суреттер сайысы
Қазақ тілі мен әдебиет апталығының жоспары бойынша бастауыш сынып оқушылары арасында «Ертегілер елінде» атты суреттер сайысы өткізілді. Барлық сынып оқушылары белсенді қатысты. Оқушылар суретті сынып атынан және жеке оқушылар атынан шығарған болатын. Суреттердің көбі – «Алдар Көсе» ертегілеріне арналған. Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер: І орын: 1в сыныбы, 1д сыныбы, 2в сыныбы (Мавлютова Э) ІІ орын: 2а сыныбы, 1б сыныбы, 1в сыныбы. ІІІ орын: 1б (Басько М), 2б (Плюта А), 2д (Кусаинов Д, Храмов Д, Ратушный Д), 4д (Сериков Е). Балаларға шығармашылық тілей отырып, шын жүректен құттықтаймыз. Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ