Ақпан соңында мектебімізде 7-8 сыныптар арасында көңілді және тапқырлар ойыны өтті. Ойынға қатысуға барлық сыныптардан өтініштер қабылданғанмен, соңғы сәтте 8 «Г» және 8 «Б» сыныптары ойынға қатысудан бас тартты. Командалар келесідей атауларды таңдаған екен: 8 «Д» - «Дошираки»; 8 «В» - «Экстрим»; 7 «Д» - «Оптимисты»; 7 «В» - «Дружба»; 7 «Г» - «Қарқылда»; 7 «Б» - «Люди Б». Командалардың әзірлеген әзілдері мен миниатюралары залдағы барлық оқушылар мен ұстаздардың көңілдерінен шықты. Ойыншылардың жанкүйерлері де сыртта қалмай, ойын барысында өз командаларын қолдап жігерлендіріп отырды. Ойынның төрешілеріне ең озат командалар арасынан жеңімпаз команданы таңдау қиынға соқты. Әділқазы алқасы құрамында тарих пәні мұғалімі Макажанов А.Т. мен биология пәнінің мұғалімі Огурцова Т.П., жақында Облыстық Оқушылар сарайында өткен жасұландықтар арасындағы көңілді және тапқырлар ойынында «Үздік ойыншы» номинациясына ие болған 6 «Д» сынып оқушысы Шарипова Аделя болды. 8 «А» сынып оқушылары ойынның ұйымдастырылуы мен өткізілуін қадағалады. Ойын нәтижесінде: 1 орынды – 7 «Г» сыныбы; 2 орынды – 7 «Б» сыныбы; 3 орынды – 8 «Д» сыныбы иеленді. Келесі жылғы ойында жеңімпаздар кубогы тағы бір мәрте өз иесін іздейді. Ол биылғы жыл жеңімпаздарындарында қалады ма немесе басқа командаға ауысады ма, оны келесі жылғы ойында көре жатармыз. Ал қазір биылғы жылғы жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
ДТІЖО Смаилова Б.С.