Телефон доверия
8 (7182) 200036
email: sosh17@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қ., Катаев көшесі, 68
қабылдау бөлмесі - 570862
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Біздің мақтанышымыз!
13-02-2016 07:52
Біздің мақтанышымыз!
Сүйінші! 12 ақпан күні М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында өткен қалалық КВН ойынында мектебіміздің «Инь-Янь» командасы 1 орынды қанжығасына байлады. Команда мүшелері – 6 «Д» сынып оқушылары. Команда капитаны Жангасинов Эмиль өз командасын ойынның бірінші минуттерінен-ақ жеңіске бастай білді. Команда құрамында Шарипова Аделя, Сасова Анжелика, Кыдырканов Алмаз, Осиновская Анастасия, Арманкызы Карина, Гречин Артем мен Дербенев Илья тамаша ойын көрсетіп, әділқазы алқасымен қоса көрермендердің көзайымына айнала білді. Ойынның «Ең үздік ойыншысы» номинациясымен Шариплова Аделя марапатталды. Үздік әзілдер мен шебер ойын көрсеткен олар, алдағы уақытта облыс аясында өтетін КВН ойынына жолдама алды. Сол ойында да біздің «Инь-янь» командасы жеңіске жететінінен біз еш күмәнданбаймыз.

10 «Б» сыныбының оқушысы Гимадиев Хайдар

OLYMPUS DIGITAL CAMERA OLYMPUS DIGITAL CAMERA