Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай 4 « Г» сынып оқушылар арасында «Алтын жүрек -анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысты ұйымдастырған өзін-өзі тану мұғалімі Ж.ШӘбілманова және мектеп кітапханашысы К.Н. Сулейменова . Оқушылар сайысқа белсенді қатысты. Әсіресе белсенді қатысқан оқушыларды : Сатекова Бақытжан, Жұмағали Жандос, Жамалова Зарина, Хасанова Айгерим, Мустафина Анельді атап кетуге болады. Кітапханада арнайы кітап көрме ұйымдастырылды, оқырмандар Сара Алпысовнаның өмірбаяны, еңбек жолымен танысты.